Оралда ер адам шұңқырға құлап кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам шұңқырға құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға 21 шілде күні болды.

Ет комбинаты ауданы Физкультурная көшесінде 1971 жылғы ер адам абайсызда септикке арналып қазылған, тереңдігі 2,5 метр шұңқырға құлаған.

Оқиға болған жерге №2 жедел құтқару жасағының құтқарушылары (4 адам, 1 техника) жетіп, альпинистік жабдықтар мен құтқару орамасының көмегімен зардап шегушіні шұңқырдан алып шықты.

Ер адам медициналық жедел жәрдем бригадасына тапсырылды. Оқиғаның мән-жайын учаскелік полиция инспекторы анықтады.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, жедел жәрдем 18.25-те шақырылды. Жарақат алған ер адам облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар