Оралда ер адам биіктен құлап, мерт болды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында ер адам биіктен құлап, мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 30 қараша күні жаңадан салынып жатқан мəдениет сарайының құрылыс алаңында болды.

Жедел жəрдем сағат 15.01-де шақырылды. 53 жастағы ер адам шамамен 15 метр биіктіктен құлап кеткен. Ол жедел жəрдем келгенге дейін көз жұмды.

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібеков оқиға орнында полиция қызметкерлерінің жұмыс істеп жатқанын жеткізді. Оқиғаның мəн-жайы анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын стоматологияда күйік шалған əйелдің қаза тапқанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар