+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Оралда ер адам әйелімен ажырасқанын кортеж жалдап, атап өткен

2019 жылғы 18 қараша 16:08
Бөлісіңіз:
Оралда ер адам әйелімен ажырасқанын кортеж жалдап, атап өткен

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда ер адам әйелімен ажырасқанын кортеж жалдап, атап өткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылордада бір аулада тұрған үш көлік өртенді Алматы полициясы белгілі әнші түсірген вайнға қатысты мәлімдеме жасады Қазақстан ормандары мен дала алқаптарында соңғы екі тәулікте 57 рет өрт шыққан

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, 16 қараша күні сағат 11.06-да 102 телефонына «Самал-1» шағынауданындағы «Арасан» моншасы жанында төбелес болып жатқаны жөнінде хабар түскен.

Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде 20-дан астам түрлі маркадағы жол талғамайтын автокөліктің тұрғанын анықтаған.

Көп ұзамай аталған кортежді Шығыс Қазақстан облысының 34 жастағы С. есімді азаматтың ұйымдастырғаны белгілі болды.

Оның сөзіне қарағанда, 11 қараша күні ол Орал қаласында тұратын бұрынғы зайыбына келген. Бұған дейін олар ажырасып, өз иеліктеріндегі пәтерін сатып, оның қаржысын бөліп алған. Осы қаржыдан аталған азамат алғашқы күні 5 автокөлік жалдап жүрген. Одан кейінгі күндері 20-ға дейін жеткізген. Барлығы 60 джипке тапсырыс берген. Ол өзінің әйелімен ажырасқанын осылайша атап өтпек болған.

Жиырмаға тарта автокөлік мән-жайды анықтау үшін Орал қаласы полиция басқармасына жеткізіліп, барлығы дерлік жіберілді. Тек «LINKOLN» автокөлігі арнайы тұраққа қойылып, тиісті құжаттарсыз айдағаны үшін жүргізушісіне әкімшілік хаттама толтырылды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адам 60 джип көлігін жалдап, серуендегенін жазған болатынбыз.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT