Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда ер адам алтыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 14 қараша күні таңда Достық даңғылы 226-мекенжайындағы тоғыз қабатты үйде орын алды. 

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел жәрдем сағат 05.39-да шақырылды. Бригада оқиға орнына 05.42-де жеткен.

«Алтыншы қабаттан құлаған 1970 жылғы ер адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды», деді А.Сақпосынова.

Ер адам өзі секіріп кетті ме, әлде басқалай жағдай болды ма, қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде. 

Соңғы жаңалықтар