Оралда электр бағанының басына шығып, секірмек болған 17 жастағы қыз құтқарылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда электр бағанының басына шығып, секірмек болған 17 жастағы қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 18 наурыз күні кешкісін орын алды.

Сағат 20.10-да Қазақстан мен Исатай батыр көшелерінің қиылысында жоғары вольтты темір бағанның басында жасөспірім қыздың секірмек болып отырғаны жөнінде 102 телефонына қоңырау шалынған.

Оқиға орнына полиция және ТЖ департаменті қызметкерлері жетті. Содан кейін сол аудан электр қуатынан ажыратылды. Кейін мектеп директоры да келді.

Сағат 21.45-те құтқарушылар бағанға шығып, қызды аман-есен түсіріп алды.

«2002 жылғы Е. есімді жасөспірім кешкі мектепте оқиды. Қараусыздар санатына жататын қыз ювенальды полиция есебінде тұрады. Бірнеше рет үйінен қашып та кеткен. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиевтің нақтылауынша, жедел құтқару жасағынан 4 адам, 1 техника барды.

Суицидке жол бермеген жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Нұрмұхан Жұмағалиевті ерекше атап өткен жөн.

Құтқарылған қыз жедел жәрдем бригадасына тапсырылды.

Соңғы жаңалықтар