Оралда екі жеңіл, бір жүк көлігі соқтығысып қалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда үш автокөлік соқтығысып, екі адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, оқиға кеше Зачаган кентінде болған.

Жәңгір хан көшесінен құс фабрикасына қарай бұрылар тұста екі жеңіл, бір жүк көлігі соқтығысқан.

Жедел жәрдем сағат 17.30-да шақырылып, алты минуттан кейін жетті.

Жол апаты салдарынан екі адам зардап шекті. 1980 жылғы әйел адам мен 2007 жылғы қыз бала облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның анық-қанығы анықталу үстінде.

Соңғы жаңалықтар