+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды

2020 жылғы 8 тамыз 20:30
Бөлісіңіз:
Оралда екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласында екі көпқабатты тұрғын үйден өрт шығып, 20-ға жуық адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда бизнес центрге келушілер мен қызметкерлер қауіпсіз жерге шығарылды Өзбекстанда жол-көлік апатынан 4 адам қаза тапты Павлодар облысында көлік қаққан зейнеткер оқиға орнында жантәсілім етті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен алынған мәліметке қарағанда, оқиға 8 тамыз күні болды.

Сағат 14.48-де Құрманғазы көшесі 102-мекенжайында пәтерден түтін шығып жатқаны жөнінде хабар түскен. №55 пәтердің асүйінде тоңазытқыш, қысқа толқынды пеш, жиһаз жанды.

Оқиға орнынан 12 адам шығарылса, соның төртеуі – балалар.

«Тілсіз жау» 15.00-де ауыздықталды.

Сол секілді сағат 15.51-де Жамбыл көшесі 40/2-мекенжайында 9-қабатта балкон өртенген. №74 пәтердің балконында жеке заттар мен терезе жақтауы отқа оранған.


Бес адам эвакуацияланса, соның біреуі – бала.

Мұнда өрт сағат 16.17-де сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда бір күнде екі кісі өлтіру дерегі тіркелгенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT