+7 (701) 759 90 19
USD 405.77 EUR 457.91
RUB 5.77 CNY 57.42
Jańalyqtar

Оралда екі автокөлік түйісіп, 2 адам зардап шекті

2020 жылғы 31 мамыр 23:54
Бөлісіңіз:
Оралда екі автокөлік түйісіп, 2 адам зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік түйісіп, біреуі арыққа түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Павлодар облысында жол апатынан зардап шеккен бірнеше адамға көмек көрсетілді Алматыда көлік банк ғимаратына соғылып, кішкентай баланы қаға жаздады

Зардап шеккен екі адамның жағдайы орташа ауыр.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 16.10-да 8 наурыз бен Карев көшелерінің қиылысында болды.

«Ауди» мен «ВАЗ-2110» автокөліктері соқтығысқан. Соның салдарынан «ВАЗ-2110» автокөлігі арыққа түсіп кеткен. Осы көліктің жүргізушісі мен оның жүкті әйелі жарақат алып, жедел жәрдеммен облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша жол ережесін «Ауди» автокөлігінің жүргізушісі бұзған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы жол-көлік оқиғасынан ер адам мен оның аяғы ауыр зайыбы жарақат алғанын растады.

Еске сала кетейік , бұдан бұрын Батыс Қазақстанда жол апатынан екі адамның қаза тауып, төртеуінің ауыр жарақат алғанын жазған болатынбыз.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT