Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО ТЖ департаменті зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының бастығы Ерлан Төрегелдиев мәлім еткендей, оқиға бүгін сағат 15.36-да М.Шолохов пен Ғ.Құрманғалиев көшелерінің қиылысында болды.

«Mercedes» пен «ВАЗ-2110» автокөліктері бетпе-бет түйісті.

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары «ВАЗ-2110» автокөлігінің салонында қыстырылып қалған 1986 жылғы жүргізушінің денесін шығарып алды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 15.37-де шақырылып, 15.42-де жеткен. Алайда жүргізуші жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда шағын автобустың жанып кеткенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар