+7 (701) 759 90 19
USD 426.77 EUR 509.95
RUB 5.89 CNY 66.34
Jańalyqtar

Оралда екі автокөлік соқтығысып, 3 бала зардап шекті

2021 жылғы 15 мамыр 13:24
Бөлісіңіз:
Оралда екі автокөлік соқтығысып, 3 бала зардап шекті

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш бала зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Оралда екі автокөлік соқтығысып, үш адам ауруханаға түсті Жамбыл облысында жол апатының саны 17,4 пайызға артты «Жезқазған-Петропавл» трассасында екі көлік соқтығысып, біреуі аударылып қалды

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 10.47-де шақырылып, бригада бес минуттан кейін жетті. 2014 жылғы баланың миы шайқалған деген күдік бар. 7 айлық сәбидің оң жақ кеуде тұсы көгерген. 2016 жылғы бала ішінен жабық жарақат алды деген күдікпен анасымен бірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға бүгін шамамен жергілікті сағат 10.47-де Мұхит пен Дәулеткерей көшелерінің қиылысында болды.

«ВАЗ-2115» автокөлігі Мұхит көшесімен келе жатқан «Лада Приораны» өткізбей, соқтығысуға жол берген.

Соның салдарынан 4, 6 жасар балалар және 7 айлық сәби зардап шекті. Алдын ала мәлімет бойынша олардың миы шайқалып, жабық бас-ми жарақатын алған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс жасады. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласында 6 адам тамақтан уланып, ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT