Оралда екі автобус соқтығысып, 11 адам зардап шекті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда екі автобус соқтығысты. Салдарынан 11 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға бүгін Зачаган кентіндегі «Жазира» аялдамасы маңында болды. №3 және №5 қалалық бағытта қатынайтын автобустар соқтығысты.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 10.39-да шақырылып, 10.43-те жеткен.

«Оқиға орнында 6 бригада жұмыс жасады. 1966 жылғы әйел ауруханаға жатудан бас тартты. Он адам (біреуі - ер адам, қалғаны - әйелдер) облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Оларды дәрігерлер қарап жатыр», - деді ҚазАқпарат тілшісіне А.Сақпосынова.

Соңғы жаңалықтар