Оралда екі адам суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда соңғы күндері екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаменті жедел құтқару жасағы сүңгуір-құтқару қызметінің басшысы Алексей Еремеевтің айтуынша, бірінші оқиға 7 маусым күні сағат 15.20 шамасында Елизаров көшесі маңында болды.

Жиырма жастағы жігіт Жайық өзеніне батып кеткен. Оның денесі 10 маусым күні сағат 18.30-да Курени ауданы маңында Жайық өзенінен шығарылды.

Екінші оқиға 8 маусым күні сағат 21.25 шамасында Самал-3 шағынауданы маңында болды. Ішімдік ішкен жасы елулер шамасындағы ер адам Шаған өзенінен шықпай қалған. Марқұмның денесі сол бойда судан шығарылды.

Бұлардың екеуі де шомылуға жабдықталмаған жерден суға түскен.

БҚО ТЖ департаментінің мәліметі бойынша осымен биыл 12 адам суға кетсе, соның үшеуі - балалар. Өткен жылы осы мерзімде 10 адам (екеуі - жасөспірім) құрбан болған еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 19 жасар жігіттің суға кетіп, қыз баланың құтқарылғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар