Оралда дзюдодан республикалық турнир мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда Батыс Қазақстан облысының түйе палуаны, «Сырым» күрес мектебінің негізін қалаушы Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған дзюдодан 2005-2006 жылғы жасөспірімдер арасында республикалық ашық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәстүрлі доданың екінші күні бес салмақ дәрежесі бойынша чемпиондар белгілі болды.

Атап айтқанда, Ерсұлтан Сатыбалдиев (55 кг, БҚО, Қазталов ауданы), Бекжан Ғалымжан (60 кг, Орал, №4 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі), Сахиб Черкезли (Орал, спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты), Қасиет Қарқын (73 кг, ШҚО), Дмитрий Федоров (+73 кг, Ресей Федерациясы) жеңіс тұғырына көтерілді.

Осылайша екі күнде он салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаз-жүлдегерлер анықталды.

Жалпыкомандалық есепте спортқа дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты үздік шықса, БҚО-ның Қазталов ауданы екінші, РФ командасы үшінші орынға ие болды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған республикалық турнир өтіп жатқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар