Оралда дзюдодан ҚР V жазғы спартакиадасы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Орал қаласында дзюдодан Қазақстан Республикасының V жазғы спартакиадасы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төрт жылда бір өтетін айтулы доданың соңғы күні аралас командалық жарыс өтті.

Онда әр команда құрамында ерлерден 3, әйелдерден 3 спортшы сынға түсті. Ерлер 73, 90, +90 кг, әйелдер 57, 70 және +70 кг салмақ дәрежелері бойынша өз командалары үшін барын салды.

Барлығы 15 құрама қатысқан командалық бәсекеде Алматы облысының өкілдері жеңімпаз атанды. Олар тартысты өткен финалдық кездесуде Шымкент қаласының құрамасын 4:3 есебімен тізе бүктірді. Қола жүлдеге Алматы қаласы мен Атырау облысының дзюдошылары ие болды.

Осының алдында екі күн бойы өткен жекелей сынға еліміздің барлық өңірінен келген 200-ге жуық спортшы қатысып, 14 салмақ бойынша медальдарды сарапқа салды.

Кіл мықтылар жиналған сайыста медаль саны бойынша 3 алтын, 1 күміс, 2 қола жүлдемен ШҚО командасы көш бастады. Ал 2 алтын, 3 күміс және 2 қола иеленген Алматы қаласының дзюдошылары 2-орынға табан тіреді. Шымкент қаласының татами шеберлері 2 алтын, 1 күміс жүлдемен үздік үштікті түйіндеді.

ҚР V жазғы спартакиадасының жекелей сайысының нәтижелері мынадай:

Әйелдер:

48 кг

1.Ақмарал Науатбек (Нұр-Сұлтан)

2.Ғалия Тынбаева (Алматы қаласы)

3.Салтанат Сұлтанбекова (Қызылорда облысы)

3.Әйгерім Төреғожина (Атырау облысы)

52 кг

1.Нұрсұлу Ерәлиева (Алматы облысы)

2.Гүлдана Әлмұханбетова (БҚО)

3.Жадыра Әміртаева (Жамбыл облысы)

3.Диана Тілеумұратова (Қызылорда облысы)

57 кг

1.Севара Нишанбаева (Шымкент)

2.Анна Казюлина (Маңғыстау облысы)

3.Бақыт Құсақбаева (Ақтөбе облысы)

3.Ақмарал Ерназар (Жамбыл облысы)

63 кг

1.Иоланта Бердібекова (Алматы)

2.Алтынай Хаби (Нұр-Сұлтан)

3.Кристина Сотникова (ШҚО)

3.Ақниет Тұрдан (Маңғыстау облысы)

70 кг

1.Зере Бектасқызы (ШҚО)

2.Мариан Урдабаева (Алматы)

3.Мөлдір Нарынова (Алматы облысы)

3.Перизат Жақыпбекова (Түркістан облысы)

78 кг

1.Альбина Амангелдиева (Шымкент)

2.Назерке Тілеуханова (ШҚО)

3.Динара Құдарова (Қызылорда облысы)

3.Эльмира Самиғолаева (Атырау облысы)

+78 кг

1. Назгүл Маратова (СҚО)

2.Нұрғаным Тұршабек (Қызылорда облысы)

3.Саида Қапсалықова (Атырау облысы)

3.Ақерке Рамазанова (Алматы)

Ерлер:

60 кг

1. Тоқтар Үмітәлиев (БҚО)

2.Рүстем Ибраев (Ақтөбе облысы)

3.Қанат Сейілхан (Атырау облысы)

3.Нұрбол Елубай (Нұр-Сұлтан)

66 кг

1.Төлеген Нұралиев (ШҚО)

2.Ғұмар Қырғызбаев (Алматы қаласы)

3.Арман Отарбаев (Қарағанды облысы)

3.Сұңғат Жұбатқан (Маңғыстау облысы)

73 кг

1.Бекәділ Шаймерденов (Жамбыл облысы)

2.Аңсарбек Ғайнуллин (БҚО)

3.Мәди Амангелді (Нұр-Сұлтан)

3.Мадияр Сембаев (ШҚО)

81 кг

1. Қажымұқан Өтеулиев (Жамбыл облысы)

2.Айдын Дартаев (Қарағанды облысы)

3.Бекжан Абдуалиев (Ақтөбе облысы)

3.Дамир Жақсыбек (Алматы)

90 кг

1.Сұңғат Закарияев (Атырау облысы)

2.Марат Байкамуров (Шымкент)

3.Әділет Миссин (Ақтөбе облысы)

3.Палкин Рега (Қарағанды облысы)

-100 кг

1.Виктор Демьяненко (Алматы қаласы)

2.Арман Қалиев (Атырау облысы)

3.Еламан Қойшыбаев (Ақтөбе облысы)

3.Дінахмет Рысымбек (Алматы облысы)

+100 кг

1.Әділ Оразбаев (ШҚО)

2.Айбек Серікбаев (Қызылорда облысы)

3.Темірлан Көлбай (БҚО)

3.Ерболат Тәшенов (Ақмола облысы

Батыс Қазақстан облысының намысын қорғағандар арасында Тоқтар Үмітәлиев үмітті ақтап, чемпион атанса, Гүлдана Әлмұханбетова мен Аңсарбек Ғайнуллин күміс, Темірлан Көлбай қола медальді жеңіп алды.

Спартакиада барысында Оқушылар және жастар сарайында дзюдо залы ашылды. Бұл олимпиадалық спорт түрі - дзюдоны өңірде кеңінен дамыту бағытында қолға алынды. Халықаралық талаптарға сай жабдықталған залда 500-ге жуық жасөспірім жаттығатын болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын ескек есуден спартакиаданың үшінші күнінің нәтижелері белгілі болғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар