Оралда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес аудандардағы бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда «Дипломмен - ауылға» бағдарламасына сәйкес аудандардағы бос жұмыс орындарына жәрмеңке өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Райса Еркеғалиеваның сөзіне қарағанда, биыл осы мақсатқа 46,3 млн. теңге бөлінсе, соның 45 миллионы игерілді. Ауылдық жерлерге бес жүздей жас маман жұмысқа орналасты. Аталмыш жәрмеңке кезінде де жиырмаға жуық жас аудан өкілдерімен келісімге келді. Негізінен аудан, ауылдарға дәрігерлер мен мұғалімдер жетіспейді.

Бұл бағыттағы жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Соңғы жаңалықтар