Оралда дәстүрлі «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі өтуде

None
None
ОРАЛ. 27 наурыз. ҚазАқпарат - Бүгін БҚО балалар-жасөспірімдер туризмі және экология орталығында республикалық «Менің Отаным - Қазақстан» туристік-өлкетану экспедициясы аясында дәстүрлі «Жайық толқыны» өлкетану фестивалі басталды.

Оған аудандар мен Орал қаласынан барлығы 14 команда қатысуда. Олардың бәрі де - өз аймақтары бойынша үздік шыққан өнерлі оқушылар. Жас жеткіншектер сәндік-қолданбалы өнер («Жас суретші», «Жас шебер»), әдеби шығармашылық («Жас ақын», «Жас прозашы»), көркемдік-эстетикалық («Жас талант», «Жас костюмші») бағыттар бойынша сынға түсуде. Айталық, «Жас ақын» аталымы бойынша жарысқа түскендер қатарынан Бөкей ордасынан келген Әділет Әбдіров, оралдық Шолпан Мұқан, жаңақалалық Марлен Ғилымхановтар жақсы туындыларымен көрінді.

Фестиваль ертең қорытындыланып, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.

Соңғы жаңалықтар