Оралда дәріханада газ баллоншасын шашқан бұзақы қолға түсті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда дәріханада газ баллоншасын шашқан бұзақы қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 8 шілде күні С.Тюленин көшесі бойында «Айгүл» дәріханасында орын алды.

Кейін анықталғанындай, 1982 жылғы М. есімді азамат дәрі-дәрмек сұраған болып, 1998 жылғы фармацевке қарата газ баллоншасынан химиялық затты шашқан. Фармацевт қарсылығын білдіргеннен кейін бұл әрекетін бірнеше рет қайталаған.

Оқиға орнына барған полиция қызметкерлері дәріханадан бейнежазбаны алып, күдіктінің ізіне түсті. Бұзақы сол күні-ақ кешке қарай қолға түсті. Ол кінәсін толықтай мойындады.

Фармацевтің жоғары тыныс мүшелері химиялық сұйықтыққа күйіп қалған. Оған жедел медициналық көмек көрсетілді.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адам үш жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Соңғы жаңалықтар