Оралда Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін халықаралық турнир өтуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Оралда бокстан Рио Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновтің жүлдесі үшін ересектер арасында халықаралық турнир өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарысқа Даниярмен бірге оның әкесі әрі жаттықтырушысы Марат Елеусінов, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов арнайы келді.

БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Әсия Аманбаеваның айтуынша, бірнеше күнге созылатын бәсекеге еліміз өңірлерінен сегіз команда, сондай-ақ өзбекстандық және тәжікстандық боксшылар қатысуда.

Жарыстың ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Алтай Көлгінов қазіргі кезде кәсіпқой бокста бағын сынап жүрген ел мақтанышы Данияр Елеусіновтің атында Оралда бұдан екі жыл бұрын бокс орталығы ашылса, енді алғаш рет ашық турнир ұйымдастырылып отырғандығын жеткізді.

Д.Елеусінов осындай құрмет үшін жерлестеріне ризашылығын білдірді.
null 

«Данияр - әуесқой бокста барлық биікті бағындырған санаулы спортшылардың бірі. Оған қандай құрмет көрсетсе де жарасады. Даниярдай саңлақтардың ізбасарлары көбейе беруі үшін елімізде осындай шараларды ұйымдастырудың маңызы зор», деді Мырзағали Айтжанов. 
null 

null

null  

Соңғы жаңалықтар