Оралда бұршақ жауып, бау-бақша ағаштарына зиян келді

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Орал қаласына қарасты Круглоозерный кентінде бұршақ жауды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

20 мамыр күні бұршақ аралас нөсер жаңбыр 20 минуттай жауған. Соның салдарынан бау-бақша ағаштары мен өскіндерге зиян келген.

Кеше Зачаган кентінде де әлсін-әлсін нөсер жаңбыр құйып өтті.

БҚО ТЖ департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, әлеуметтік желілерге мониторинг жасау кезінде Круглоозерный кентінде бұршақ жауғаны туралы ақпарат жарияланғаны белгілі болды.

«Ақпаратты тексеру кезінде кент пен Орал қаласы тұрғындарынан бұршақтан жарақат алғаны жөнінде шағым түспегені анықталды. Шаруашылық нысандары, құрылымдар, көлік инфрақұрылымы зардап шеккен жоқ», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы да адамдардың бұршақтан жарақат алмағанын жеткізді.


Соңғы жаңалықтар