Оралда браконьерлікпен күрес мәселелері талқыланды

None
None
ОРАЛ. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының табиғат қорғау прокуратурасында браконьерлікпен күрес мәселелері талқыланды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Кеңесте прокурор Молдағали Уапов браконьерлік қылмысының, әсіресе, балықты заңсыз аулаудың ашылуы төмен екендігін атап көрсетті. Бұл, бір жағынан, 2006 жылға дейін қымет еткен су полициясының таратылуына байланысты. Қазіргі кезде ішкі істер департаменті жанында үш қызметкер жұмыс істейтін табиғат қорғау және малдәрігерлік полициясы бөлімі ғана бар. Бұл жануарлар мен өсімдік әлемін қорғау үшін жеткіліксіз. Биыл полицейлер браконьерлік фактісі бойынша екі-ақ қылмыстық іс қозғаған, тағы екеуі бойынша тергеуалды тексеру жүргізілуде. Сол секілді заңсыз жолмен тапқан балық өнімін өткізушілерді жауапкершілікке тарту жұмысы да жүргізілмейді.

Соңғы жаңалықтар