Оралда бокстан жастар арасында өтіп жатқан ел біріншілігінің жеңімпаздары ертең анықталады

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда бокстан жастар арасында өтіп жатқан ел біріншілігінің жеңімпаздары ертең, қарашаның 24-інде анықталады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 Қарашаның 23-інде финалға шыққандар белгілі болды. 48 киләда алматылық Әнуар Мұзапаров пен астаналық Өмірбек Құдайбергеновтің қарқыны қатты. 54 килә салмақта ақтөбелік Нұрбол Қалжанов қарағандылық Руслан Мәдиевпен бас жүлдені сарапқа салмақ.

57 киләда спорт шеберлігіне үміткер Дархан Жұмсақбаевтың (Астана) шоқтығы биік көрінді. Оның финалдағы қарсыласы - қызылордалық Еркін Дүйсенбаев.

60 килә салмақ дәрежесінде батысқазақстандық Асұлан Есенов алматылық Бекзат Рысбековты ұтып, финалға шықты. Енді Асұлан Ақмола облысының өкілі Сабыржан Бекбергеновпен қолғап түйістіреді. Одан бөлек ең кемі қола жүлдеге қол жеткізгендердің арасында тағы бір оралдық боксшы Артур Мұсаев бар.

Соңғы жаңалықтар