Оралда Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу мәселелеріне байланысты семинар өткізілді

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан медицина колледжінде Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу мәселелеріне байланысты семинар өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдағы жылғы қаңтардың 1-інен бастап жаңа жүйенің енгізілуіне орай әр азамат дәрігер мен емхананы өзі таңдайды. Тіпті дәрігер жолдамасымен республика аумағындағы кезкелген емдеу орнына бара алады. Соған сәйкес стационарда емделуге жұмсалған шығындар республикалық бюджет есебінен өтеледі. Осылайша «ақша пациентпен бірге жүреді» деген қағида жүзеге асырылмақ.

Аталған семинарда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді төлеу комитетінің бас сарапшысы Зәуре Сәдуақасова, осы министрліктің ғылымды дамыту және адами ресурстар департаментінің бас сарапшысы Фарида Ержанова бірыңғай ақы төлеу жүйесін енгізуге байланысты денсаулық сақтау мекемелері басшылары мен мамандарға жан-жақты түсінік берді. Ең бастысы, меншік түрі мен ведомстволық қатыстылығына қарамастан, барлық медицина қызметін көрсетушілерге тең құқық беріледі. Түптеп келгенде, бұл қызмет сапасын арттыруға, озық технологияны қолдануға мүмкіндік бермек.

Соңғы жаңалықтар