Оралда бірнеше ірі жарыс өтпекші

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Орал қаласында алдағы күндері бірнеше ірі жарыс өтпекші.

Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 18-22 сәуір аралығында Ә.Әйтиев атындағы көше бойындағы спорт кешенінде Қазақстан бокс федерациясының құрметті президенті Асқар Құлыбаевтың жүлдесі үшін бокстан халықаралық турнир болмақшы. Оған қазақстандық боксшылардан басқа Сирия, Әзірбайжан, Тәжікстан, Ресей, Украина, Өзбекстан, барлығы оншақты елден былғары қолғап шеберлері қатыспақшы. Жүзден аса спортшы келетін сайыста Қазақстан ұлттық құрамасы сапында спорт шеберлері Бауыржан Кәрімов (75 келі), Аслан Есенов ((64 келі), Алмасбек Орынғалиев (69 келі) сынды батысқазақстандықтар ел намысын қорғамақшы.

18-21 сәуірде мұз айдыны спорт сарайында грек-рим және еркін күрестен ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан біріншілігі өтеді. Сондай-ақ 19-21 сәуірде «Зенит» спорт залында қазақ күресінен облыс біріншілігі болып, республика чемпионатына баратын таңдаулы балуандар іріктелмекші.

Соңғы жаңалықтар