Оралда бір жасар қыз сүйек жұтып қойған

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бір жасар қыз сүйек жұтып қойған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға кеше түс мезгілінде болды.

Тамақ ішіп жатқан кезде сүйек жұтып қойған бір жасар қыз облыстық көпбейінді ауруханасына түскен. Дәрігерлер екі сағат бойы арпалысып, сүйекті әрең дегенде қыздың тыныс жолдарынан алып шықты.

Қазір сәби қыз жансақтау бөлімінде. Оны облыстық көпбейінді балалар ауруханасына ауыстыру мәселесі шешілуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсайда аяғына оқ тиген 25 жастағы жігіттің ауруханаға түскенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар