+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды

2020 жылғы 21 қараша 20:31
Бөлісіңіз:
Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бір түнде бірнеше адам пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қарағандыда біреудің шотынан 1 млн теңгеге жуық ақша шешіп алған күдікті ұсталды Бір аптада 3 мыңнан астам қылмыс тіркелді – ІІМ Оралда түнгі клубта демалғандар әжетханаға тығылды

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, бірінші оқиға Январцев көшесі, 24-мекенжайында болды.

Жеке үйде 21 қарашаға қараған түні 48 жастағы, 52 жастағы және онымен әскерде бірге болған 51 жастағы ер адамдар бірігіп, арақ ішкен. Ақыры бір-бірімен сөзге келіп, 51 жастағы ер адам алдыңғы екеуіне пышақ салған. Қазіргі таңда екеуі ауруханада, ал күдікті ұсталды.

Тағы бір оқиға Старица Набережная көшесінде болды. Оралда тұратын 32 жастағы ер адамға Украинадан досы қыдырып келіп, тойлаған. Көшемен келе жатқан оларға түнгі 03.00 шамасында осы маңдағы жеке моншадан ішіп шыққан бес-алты адам жолығып, екеуін сабап жіберген, бұлар жеңіл жарақат алған. Күдіктілер іздестірілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі нақтылағанындай, Январцев көшесі бойындағы үйде араға үш сағат салып, екі адам пышақ жарақатын алған. Екеуі де мас күйінде облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Тағы бір ер адам Старица Набережная көшесінде жауырынының төменгі тұсынан пышақ жарақатын алған. Ол да мас күйінде болған, бұл адам ауруханаға жатудан бас тартты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT