Оралда бір күнде екі адам есірткінің күшті түрі - героинмен ұсталды

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда бір күнде екі адам есірткінің күшті түрі - героинмен ұсталды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, қарашаның 5-де «Наркощит» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Қазталов-Чкалов көшелері қиылысында 1968 жылғы Ч. деген азамат қолға түсіп, одан сараптама қорытындысына сәйкес 11,49 грамм героин табылған. Осы күні Матросов көшесі бойында ұсталған 36 жасар С-дан 0,39 грамм героин тәркіленді. Оның пәтерін тінту кезінде 3,95 грамм героин тағы шықты.

Соңғы жаңалықтар