Оралда бір күнде 50 адамнан коронавирус табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бір күнде 50 адамнан коронавирус табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, соңғы тәулікте 84 адамның індет жұқтырғаны белгілі болса, соның 50-і Орал қаласының үлесіне тиеді.

Соңғы үш күнде өңірде 205 адамның ауырғаны тіркелсе, соның 118-і, яғни тең жартысынан астамы облыс орталығында анықталған.

Сондай-ақ үш күнде Шыңғырлау ауданында 20, Бәйтеректе 14, Ақжайықта 12, Теректіде 11, Бөрліде 10 адамнан коронавирус табылды.

Індет басталғаннан бері облыста 12329 адам дертке шалдығып, соның 9897-сі жазылып шықты. 199 адам көз жұмды.

Эпидемиологтардың сөзіне қарағанда, індетті қоғамдық орындар мен базарларда, адамдар көп жиналатын орталықтарда, жұмыс барысында, автобуста жұқтыру деректері тіркелуде. Сонымен қатар түрлі отбасылық іс-шаралардың тыйылмауы да алаңдатады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда 35 мұғалімнен коронавирус анықталғанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар