Оралда «Бір ел - бір кітап» іс-шарасы кеңінен ұйымдастырылуда

None
None
ОРАЛ. Қыркүйектің 23-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бір ел - бір кітап» іс-шарасы аясында ұлы ақын Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған кеш өткізілді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Студенттер ақын өлеңдерін оқып, ғалымдар ой-пікірлерімен бөлісті. Әдебиетші-ғалым, профессор Серікқали Шарабасовтың айтуынша, тек тәуелсіздіктің арқасында ғана ақын мұрасын кеңінен насихаттау мүмкін болып отыр. Сондықтан биылғы «Бір ел - бір кітап» шарасының М.Жұмабаев шығармашылығына арналуы да - әділеттіліктің бір көрінісі. «Алашым» деп өткен ақын өлеңдерін, әсіресе, жастар көбірек оқуы қажет.

Ж.Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың директоры Роза Исатаеваның сөзіне қарағанда, мұндай шаралар кітапхана, басқа да оқу орындарында ұйымдастырылуда.

Соңғы жаңалықтар