Оралда бір-бірімен төбелескен ресейліктер Қазақстаннан шығарылады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қаласында төбелескен шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы сот шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

«Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушыларын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін Оралда түнгі клубтың жанында төбелескен Ресей азаматтары бес тәулікке қамалғанын хабарлағанбыз.



Соңғы жаңалықтар