Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.05 EUR 428.25
RUB 5.84 CNY 54.65
Jańalyqtar

Оралда бір бала мен екі келіншекті айуандықпен өлтірген жігіт тұтқындалды

2017 жылғы 8 қыркүйек 08:41 209
Бөлісіңіз:
Оралда бір бала мен екі келіншекті айуандықпен өлтірген жігіт тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Орал қалалық сотында судья Раушан Ысмаилова екі келіншек пен кішкентай баланы жауыздықпен өлтірген күдіктіні тұтқындау туралы үкім шығарды, деп жазады Орал апталығы.

Үш адамның өліміне күдікті Әділет Қамалов - Жымпиты ауылының 23 жастағы тұрғыны. Тергеу амалдары кезінде ол уақытша оқшаулағышта болады.

«Күдікті кінәсін мойындады. Оның үстіне алдын ала тергеу шаралары оның бұл іске тікелей қатысы бар екенін көрсетті», - деді қала прокурорының көмекшісі Марат Ишанов.

Қамалов бұған дейін ұрлық жасағаны үшін істі болған. Балалары бар. Қазіргі уақытта бірқатар сот сараптамалары тағайындалды. Күдіктінің айтуынша, ол қылмыс жасамас бұрын спирттік ішімдік ішкен.

«Қамалов өзі өлтірген адамдармен жақсы таныс болған және олардың үйлеріне жиі келіп тұрған», - деді Ищанов.

Кінәсін мойындаған күдіктінің сөзіне қарағанда, ол әуелі өзімен бірге тұрғысы келмеген келіншектің құрбысын пышақтап өлтірген. Кейін оның 2014 жылғы баласының және әйелдің өзінің жанын қиған. Олардың әрқайсысысына 18-ден астам рет пышақ жұмсаған.

Қанды оқиға 5 қыркүйекке қараған түні сағат 02.00 мен 04.00 арасында болған. Содан кейін қылмыстың ізін жасыру пиғылымен үйді өртеген. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы 2-бөлігіне сәйкес (екі және одан көп адамды қасақана өлтіру) қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті бұл бап бойынша 15-тен 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT