Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бес қабатты үйдегі өрттен 25 адам эвакуацияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 18 қаңтар күні түнде Құрманғазы көшесі 168-мекенжайында болды.

Сағат 22.39-да үшінші қабаттағы №30 пәтерден өрт шыққаны жөнінде хабар түсті.

Аталған пәтерде жеке заттар мен жиһаз жанған.

Оқиға орнынан 25 адам шығарылса, соның алтауы – балалар.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға жеке құрамнан 21 адам, 6 техника жұмылдырылды. Өрт сағат 23.13-те толықтай жойылды.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлілер, келтірілген шығын анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда гараждағы өрттен әйел адамның көз жұмғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар