Оралда белгісіз адамның мүрдесі табылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда белгісіз адамның мүрдесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Батыс Қазақстан облыстық ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 30 наурыз күні болды.

Жедел құтқару жасағы (6 қызметкер, 1 техника) жергілікті полиция қызметімен (1 қызметкер) бірлесіп, бұдан бұрын «Учужный затон» саяжай қоғамдастығы маңында жоғалып кеткен 1936 жылғы зейнеткерді (ол 27 наурыз күні сағат 16.30-да із-түзсіз кеткеннен бері табылмаған) іздестіру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл жұмыс өз нәтижесін бермеді.

Осы іздестіру жұмыстары кезінде Жайық өзені жағасынан, Яикская көшесі ауданынан 50-60 жас шамасындағы ер адамның денесі табылды.

«Оның кім екендігі анықталу үстінде. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді», деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне департаменттің баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 83 жастағы қарияның іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, марқұмның Орал қаласының 1960 жылғы тұрғыны екендігі анықталды. Денесінде зорлық белгілері жоқ.

Соңғы жаңалықтар