Оралда белгілі дәрігер-хирург С.Тоқпанов өнер көрсетті

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда  белгілі дәрігер-хирург, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Серік Тоқпанов Ақ Жайық жұртшылығы алдында концерт қойды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

С.Тоқпанов - білікті медицина маманы ғана емес, эстрада әндерін орындаушылардың бүкілодақтық және республикалық байқауларының лауреаты. «Алматы - менің алғашқы махаббатым», «Қарағанды - менің жастық шағымның қаласы» ретро-фестивальдеріне қатысып келеді.

«Өткен жылдардың ұмытылмас әндері» деп аталған кеште Серік Тоқпанов қазақ және орыс тілдерінде өткен ғасырдың орта тұсынан бері жиі айтылған әндерді көпшілік назарына ұсынды.

Соңғы жаңалықтар