Оралда Батыс құрама бөлімдері әскери оркестрлерінің байқауы мәреге жетті

None
None
ОРАЛ. 2 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ ішкі әскерлерінің 20 жылдығына орай Батыс құрама бөлімдері әскери оркестрлерінің байқауы мәреге жетті.

Оған №6656 (Ақтау қаласы), №5546 (Атырау), №6655 (Ақтөбе) және №5515 (Орал) әскери бөлімдері үрмелі аспаптар оркестрлері қатысты.

Екі кезеңнен тұратын байқау барысында оркестрлер отандық және шетелдік композиторлардың туындыларын орындады. Соның ішінде әскери-патриоттық тақырыптағы шығармаларға орын берілді. Екінші кезең - плац-концертте де оркестрлер орындаушылық шеберліктерін көрсете білді.

Сайыс қорытындысында Орал гарнизонының №5515 әскери бөлімінің оркестрі жеңімпаз атанды. Аталмыш оркестр Батыс құрама бойынша алғаш болып құрылған. Оған аға лейтенант Нұржан Дәуленов дирижерлік етеді.

Жеңімпаз оркестр Астана қаласында өтетін республикалық байқаудың қорытынды кезеңіне қатысады.

Соңғы жаңалықтар