+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Оралда басынан ауыр жарақат алған ер адам көз жұмды

2021 жылғы 21 маусым 21:32
Бөлісіңіз:
Оралда басынан ауыр жарақат алған ер адам көз жұмды

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда басынан ауыр жарақат алған ер адам жедел жәрдем көлігінде көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 19 маусым күні түсқайта Шолохов пен Циолковский көшелерінің қиылысында болды.

Бұрын бір-бірін танымайтын 20 және 46 жастағы тұрғын сөзге келген. Салдарынан төбелес болып, 20 жастағы жігіт ұрған кезде ер адам жерге құлап, жабық бас-ми жарақатын алған.

46 жастағы ер адам есін жимастан, қалалық көпбейінді ауруханаға апара жатқан жолда жедел жәрдем көлігінде қайтыс болды.

Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Күдікті Бәйтерек ауданында тұрады.

Қазіргі кезде ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне (қасақана ауыр дене жарақатын салу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың айтуынша, жедел жәрдем сағат 15.25-те шақыртылып, бригада бес минуттан кейін жетті. Ер адам Шолохов көшесі бойындағы «Гурман» кафесі жанында құлап жатқан. Жабық бас-ми жарақатын алып, комаға түскен ол ауруханаға жетпей, қайтқан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да автокөлік аударылып, жүргізуші қаза тапқанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT