Оралда баспагер Марат Мұхитденовті еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі жарыс өткізілуде

None
None
ОРАЛ. Қарашаның 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда баспагер Марат Мұхитденовті еске алуға арналған үстел теннисінен дәстүрлі жарыс өткізілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл турнирді ұзақ жыл «Дастан» баспа-полиграфия корпорациясын басқарған М.Мұхитденов ұйымдастырған болатын. Облыстық үстел теннисі федерациясына жетекшілік еткен ол осы спорт түрінің кең қанат жаюына осылайша өз үлесін қосқан еді.

Биыл оныншы рет ұйымдастырылып отырған сайысқа Батыс Қазақстанмен қатар Атырау, Ақтөбе облыстарының спортшылары да қатысуда. Жастар өзара күш сынасса, ересектер командалық және жекелей сында күштілерді анықтамақ. Жүлде қоры 300 мың теңге болып белгіленген жарыс қарашаның 23-інде мәреге жетеді.

Соңғы жаңалықтар