Оралда бас шыршаның шамы жағылды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - 24 желтоқсан күні кешкісін Орал қаласындағы орталық Абай алаңында орнатылған бас шыршаның шамы жағылды.

Қала әкімі Алтай Көлгінов жиналғандарды келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтап, мол табыс, бақ-береке тіледі. Өтіп бара жатқан жылдың жақсылық-жетістіктерге толы жыл болғаны атап өтілді.

Алаңға келген қала тұрғындары Аяз ата, Ақша қармен бірге шыршаны айналып, ән салды, би биледі.

Бұдан бұрын Жастар мәдениет үйінде қала әкімінің дәстүрлі жаңажылдық шыршасы ұйымдастырылып, онда көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған тоқсанға жуық балдырғанға сый-құрмет көрсетілген болатын. Мәдени орындарда, балабақшалар мен мектептерде де жаңа жылға арналған шаралар өтуде.

Айта кетейік, биылғы бір ерекшелік, шырша Тәуелсіздік мерекесінен бұрын орнатылған жоқ. Бұл да еліміздің ең басты мейрамына деген құрметтің бір белгісі деп түсінуге болады.

Соңғы жаңалықтар