Оралда балық аулау кезінде мұз ойылып, ер адам суға батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда балық аулау кезінде мұз ойылып, ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең Деркөл ауылындағы Шаған өзенінде орын алды.

Сағат 09.10 шамасында 1960 жылғы ер адам мұз ойылып, киімімен өзенге батып кетті.

Марқұмның денесі жедел құтқару жасағының күшімен (6 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 10.29-да судан шығарылды.


Соңғы жаңалықтар