Оралда баланы көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізуші ұсталды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда жаяу жүргінші өткелінде 11 жасар баланы қағып, қашып кеткен жүргізуші анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей,

«Toyota» автокөлігінің жүргізушісі бүгін анықталып, Орал қаласы полиция басқармасына жеткізілді.

«Автокөлік айып тұрағына қойылды. Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 610-бабы (жүргізушінің адам денсаулығына зиян келтіруге алып келген жол ережесін бұзуы) және 611-бабына (жүргізушінің жол-көлік оқиғасына байланысты міндеттерді орындамауы) сәйкес хаттама толтырылды, Бұдан әрі жәбірленушінің талабына сәйкес шешім қабылданатын болады», деп хабарлады ведомстводан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәлім еткеніндей, бала қазіргі кезде амбулаторлық ем алуда. Жағдайы жаман емес.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда 11 жаса баланы қағып кеткен автокөліктің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар