ФУТБОЛДАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ-2022

Оралда балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім саяжайдан табылды

2022 жылғы 12 қыркүйек, 19:45
Оралда балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім саяжайдан табылды

ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда балалар үйінен қашып кеткен 2 жасөспірім саяжайдан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Зачаган полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары 12 қыркүйек күні шамамен сағат 14.00-де 2007 жылғы Максим Федуллев пен 2013 жылғы Николай Харченконы Меловые горки ауданында орналасқан «Комарово» саяжай қоғамының қараусыз қалған үйінен тапты.

«Іздестіру жұмыстарына БҚО полиция департаментінің барлық жеке құрамы, еріктілер мен жанашыр адамдар жұмылдырылды. Іздеу екі күн бойы жүргізілді. Жасөспірімдер қашу себебін зеріккендіктен деп түсіндірді. Сол үйден ұрланған заттар қоса табылып, тәркіленді. Дәрігерлер қарағаннан кейін екі жасөспірім отбасылық үлгідегі балалар ауылына жеткізілді. Медициналық тексеру барысында дене жарақаттары анықталған жоқ, кәмелетке толмағандар тарапынан шағымдар түспеді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеді. Қазіргі кезде ҚР ҚК 188-бабына (ұрлық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда балалар үйінен қашқан екі жеткіншектің іздестіріліп жатқанын жазған болатынбыз.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar