Оралда бала мен ер адам септикке батып кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Орал қаласында бес жасар бала мен ер адам септикке батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тұрғындардың сөзіне қарағанда, қайғылы оқиға кеше қалаға қарасты Деркөл ауылы маңындағы саяжай қоғамында орын алды. Септикке әуелі бала түсіп кеткен. Ер адам оны құтқарамын деп ұмтылған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айнагүл Сақпосынованың сөзіне қарағанда, жедел  жәрдем сағат 14.25-те шақыртылған. 2013 жылғы бала мен шамамен отыз жастардағы ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмған.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталуда.

БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушысы Аягөз Қожанбаеваның нақтылауынша, «Садовод» сайжай серіктестігінде кәріз құдығына бала құлап кеткені жөнінде сағат 14.38-де қоңырау шалынған. Оқиға орнына 4 құтқарушы және 1 техникадан тұратын жедел топ жеткен кезде баланы құтқарғысы келген ер адамның да сасық иісті мөлшерден тыс жұтқандықтан, есінен танып, қаза болғаны анықталды. Құтқарушылар арнайы құрылғының көмегімен кәріз құдығына түскен кезде әуелі ер адамның, сосын баланын денесі табылды.

Соңғы жаңалықтар