Оралда бадминтоннан халықаралық турнир өтуде

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда бадминтоннан «Condensate Kazakhstan International Series 2019» халықаралық турнирі өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші рет ұйымдастырылып отырған бұл дода Орталық Азиядағы осындай бірден-бір жарыс болып табылады.

Алдағы жылы Токио Олимпиадасы өтетіндіктен, қазіргі кезде бадминтоншылар да жолдамаға ие болу үшін осындай турнирлерде сәтті өнер көрсетіп, ұпай жинауды мақсат етеді.

Жыл сайын ауқымы кеңейіп келе жатқан турнирге әлемнің 16 елінен жүзге жуық спортшы қатысуда. Оған жапониялық Томохару Сано бастаған төрешілер қазылық етуде.

Бас төрешінің көмекшісі Асқар Ормановтың сөзіне қарағанда, Қазақстаннан 35 спортшы бақ сынауда.

Бадминтон сайысы (бас демеушісі – «Конденсат» компаниялар тобы) 10 қараша күні мәреге жетіп, жеңімпаз-жүлдегерлер анықталады.

Соңғы жаңалықтар