Оралда Б.Рүстемовтің шығармашылығына арналған көрме ашылды

None
None
ОРАЛ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - 16 сәуір күні облыстық қазақ драма театрында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, халықаралық Қазақстан-Куба қоғамдық қауымдастығының вице-президенті, тарихшы, теолог, публицист, аудармашы әрі ақын

Бақытқожа Рүстемовтің шығармашылығына арналған «Тәуелсіздік және халықаралық публицистика» атты көрменің ашылу салтанаты болып, оған облыс әкімінің орынбасары Серік Сүлеймен қатысты.

Бақытқожа Төлегенұлы  1952 жылғы 21  желтоқсанда Өзбекстанда дүниеге келген. Б. Рүстемов Президент Әкімшілігінің аппаратында жауапты қызметтер атқарған, жазу өнеріне экономика саласынан келіп қосылса да, 30 жылдан бері ел тәуелсіздігі жолында өнімді еңбек етіп келе жатқан журналистердің бірі. Жазушының бірнеше тілде жарық көрген еңбектері Ресей, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қытай, АҚШ, Франция, Испания, Куба, Сауд Арабиясы Корольдігінің, Чили Республикасы және басқа да шет мемлекеттерінің мәдени, білім беру ошақтарында және дипломатиялық орталықтарында өзінің лайықты орнын алған.

Еңбектері қазақстандықтарға арналған, еліміздің қол жеткен табыстарын шынайы суреттеп, халықаралық қауымдастық мәселелерін қозғайды. Автордың талдамалық, тарихи, теологиялық мақалалары Қазақстан Республикасының басқа елдермен халықаралық байланыстарына, шет мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік дамуына, бүгінгі күннің халықаралық проблемаларына арналған.

Бақытқожа Төлегенұлының еңбектері ұзақ жылдар бойы Қытай, Монғолия, Иран, Ирак, Ауғанстанда тұратын қазақ диаспорасына арналып, елімізде шығатын «Шалқар» газетінде басылып тұрды. Сондай-ақ Б.Рүстемов - Латин Америкасының ғұлама ойшылы Хосе Марти еңбектерін, Куба революциясының көсемі Фидель Кастро, әлемге танымал ғалым Эрнст Мулдашев, исламдық әлемнің діни қайраткері Мирза Тахир Ахмад және түркі халықтарының белгілі тарихшысы Мұрат Аджи, Францияның экс-президенті Валери Жискар д'Эстен, Нобель сыйлығының лауреаттары Дж.Стейнбек пен У.Фолкнер және де басқа көптеген авторлардың еңбектерін қазақша сөйлете білген танымал аудармашы.

Соңғы жаңалықтар