Оралда «Айгүл» базарынан өрт шықты

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда «Айгүл» базарында өрт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО Төтенше жағдайлар департаментінен мәлім еткеніндей, өрт С.Тюленин көшесі 49/1 мекенжайында орналасқан «Айгүл» базарында бүгін сағат 18.10-да басталған.

Кафеге лайықталған 2 контейнер, автокөліктің қосалқы бөлшектерін сататын тағы бір контейтер отқа оранды.

60 шаршы метр аумақты қамтыған өрт жалыны жеңіл автокөліктің тіркемесін де шарпыды.

«Тілсіз жауды» ауыздықтауға 47 қызметкер, 18 техника жұмылдырылды. Өрт 18.30-да оқшауландырылып, 18.40-та сөндірілді.

Зардап шеккендер жоқ.

«Өрт сөндіру бөлімшелерінің тез жетіп, жедел әрекет жасауы нәтижесінде жалынның өршуіне жол берілген жоқ. Тағы бір қауіп, оқиға болған жердің қасында «Золотая чаша» базары бар еді. Өрт қауіпсіздігі талаптарына сай келмегендіктен, кезінде бұл базарды жабу жөнінде сотқа құжат жолдадық. Кез келген нысан иесі өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау керектігін естен шығармауы тиіс», - деді департамент бастығы Жасұлан Жұмашев.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да 3 мектептің шатыры ұшып, электр бағандары құлағанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар