Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 383.01 EUR 430.12
RUB 6.10 CNY 55.70
Jańalyqtar

Оралда әйелін өлтірген тұрғын тоғыз жылға сотталды

2018 жылғы 15 қазан 16:52 366
Бөлісіңіз:
Оралда әйелін өлтірген тұрғын тоғыз жылға сотталды

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азаматтық некедегі әйелін өлтірген Марат Жұмағалиевке қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР ҚК 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес (абайсызда жәбірленушінің өліміне соқтырған қасақана ауыр дене жарақатын салу) М.Жұмағалиев айыпты деп танылып, оған тоғыз жылға бас бостандығынан айыру жазасын қауіпсіздігі орта қылмыстық-атқару жүйесінде өтеу белгіленді.

Аталмыш соттан түскен мәліметке қарағанда, қанды оқиға биылғы 13 шілде күні орын алды. Үйіне мас келген сотталушы азаматтық некедегі әйелі Мария Мурзинаны сондай күйде көрген. Соның салдарынан екеуі сөзге келіп, М.Жұмағалиев сегіз жасар қызын көшеге шығарып жіберген. Содан кейін асүйде Мурзинаның бетінен ұрған. Сосын үстелден ағаш оқтауды алып, басынан он рет ұрған. Қанды көргеннен кейін үйінен кетіп қалған. Жабық бас-ми жарақатын алған әйел біраздан соң оқиға орнында көз жұмған.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Елжан Ералы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT