Оралда әйелді қағып өлтірген жүргізушінің үстінен іс қозғалды

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Оралда автокөлігімен әйелді қағып өлтірген жүргізушінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, кеше сағат 22.00 шамасында 1992 жылғы жүргізуші «Lada 21705» көлігімен Еуразия даңғылы бойында жаяу жүргінші өткелінен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткен.

Алған жарақаттары салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза болды.

Аталған дерек бойынша Орал қаласы полиция басқармасы ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне  сәйкес қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда автокөліктің әйелді қағып кеткенін жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар