Оралда әйелдер ісі, отбасылық-демографиялық саясат мәселелеріне арналған аймақтық семинар-тренинг өткізілді

None
None
ОРАЛ. Шілденің 31-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал қаласында әйелдер ісі, отбасылық-демографиялық саясат мәселелеріне арналған аймақтық семинар-тренинг өткізілді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталмыш жиынға Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарынан түрлі деңгейдегі әкімдер жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар хатшылары қатысты. ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия хатшылығының кеңесшісі Нелля Моисеева гендерлік саясатты жүзеге асыруда, әйелдер белсенділігін көтеруде осындай шаралардың маңызы зор екендігін атап көрсетті. Бұл орайда өңірлерде көптеген жұмыстар жүргізілуде. Айталық, Батыс Қазақстан облысында гендерлік саясатты жүзеге асыруға 2007 жылы 600 мың теңге бөлінсе, биыл бұған 5 млн. теңге қарастырылды. Әйелдер мәселелерімен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар да баршылық.

Екі күнге созылған семинар барысында өзекті тақырыптар бойынша дәрістер оқылып, қатысушылар өзара пікір алмасты.

Соңғы жаңалықтар