Оралда әйел жұмысқа орналастырамын деп, 1 млн теңгені иемденіп кеткен

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат  – Оралда әйел жұмысқа орналастырамын деп, 1 млн теңгені иемденіп кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, қазіргі кезде 1974 жылғы әйелге қатысты ҚР ҚК 190-бабы 1-бөлігіне сәйкес (алаяқтық) тергеу амалдары жүргізілуде.

Ол 40 жасар тұрғынды жұмысқа орналастырамын деп алдаған. Алаяққа сеніп қалған әйел ақшасын мамыр айында берген. Үш ай өткеннен кейін алданғанын түсінген ол полицияға шағымдануды жөн көрген.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын арзан пәтер уәде еткен әйелдің оралдықтарды 54 млн теңгеге алдағанын жазған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар