Оралда әйел тік жардан құлап кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйел тік жардан құлап, аяғын сындырып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаменті жедел құтқару жасағының бас құтқарушы-психологы Лейла Әбдірахманованың айтуынша, оқиға 20 шілде күні Жайық өзені жағалауында, Коминтерн кенті тұсында орын алды.
1988 жылғы әйел суға шомылу кезінде тік жардан құлаған. Сол маңда кезекшілікте жүрген еріктілер құтқарушыларды шақырған.
Оқиға орнына келген №1 жедел құтқару жасағының құтқарушылары биік жардың қасында жатқан әйелді көрген. Оған бару қиын болғандықтан әрі аяғы сынғандықтан, әйелді қайықпен тасымалдауға тура келген. Құтқарушы-медицина қызметкері Ақылбек Сайынов алғашқы жәрдем көрсетіп, қанды тоқтатқан.
Содан кейін құтқарушылар әйелді жағаға алып шығып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның шұңқырға құлап кеткенін жазған болатынбыз.
- Ақтаудағы оқиға: Сәби күтушісінің үйінде көз жұмған
- Оралда полицей көлікті соғып, жас келіншек көз жұмды
- Жамбылда қалың тұман кезінде 14 автокөлік бір-біріне соқтығысқан
- Өскеменде көктайғақтан 130-дан астам адам зардап шекті
-
Италиядағы жер сілкінісі: пойыздар тоқтатылды
-
Қостанайда екі бала үй ішінде жанып кетті
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам