Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті

None
None
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Оралда әйел адам төртінші қабаттан секіріп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 2 қаңтар күні кешкісін А.Оразбаева атындағы көшеде көпқабатты үйде орын алды.

Сағат 19.00-де 47 жастағы әйел төртінші қабаттың терезесінен секіріп кеткен. Ол жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда ер адамның сегізінші қабаттан секіріп кеткенін жазған болатынбыз



Соңғы жаңалықтар